Шахтаға құлаған автобус адамдарын іздеуді комиссия шешеді


05/02/2024
13:10 9152 0

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын-1» кеніші аумағында жермен бірге ішіндегі адамдарымен қоса опырылып құлаған автобусты әрі қарай іздестіру керек пе, жоқ па деген мәселені арнаулы комиссия қарайды. Бұл жөнінде Павлодар облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

3 ақпанда Қазақстан төтенше жағдайлар қызметі «Майқайың» кеніші аумағында опырылған жерде тағы да сызат пайда болғанын, тағы да құлауы мүмкін екенін, соған байланысты іздестіру тоқтауы мүмкін екенін хабарлаған. Бұл хабарға қарағанда, құтқару жұмыстары жексенбі күні де жалғасқан. 

Үш құтқарушы және жүргізушісі бар автобус биыл 4 қаңтарда тереңдігі 200 метр, ені 500 метр бұрынғы шахтар орнына жермен бірге опырылып түскен. 24 жастағы Бердіхан Сарқыт пен 52 жастағы Олег Тышковичтің денесі сол күні автобустан бөлек табылған. 36 жастағы құтқарушы Айдос Шаймерден мен 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі сол күйі табылмаған. 

«Майқайыңалтынның» 100 пайыз акциясы Кипрде тіркелген Rence Enterprises компаниясына тиесілі. Оның иесі Сербия азаматы Милан Попович. Компанияның екі кеніші мен кен байыту фабрикасы және әртүрлі бөлімдері бар. Майқайыңда алтын өндірісі 20 ғасырдың 30-жылдары басталған.

Поделиться

Нет комментариев.

05/02/2024 13:10
9152 0

Уведомление